Qazaqstan телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонда кезектен тыс мәжілісті сайлаудың алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды.
«Еуразиялық интеграция институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген Еxit poll нәтижесі мынадай:
1. Amanat партиясы – 53,46%,
2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,52%,
3. Respublica партиясы – 8,9%,
4. Қазақстан халық партиясы –6,25%,
5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 3,22%,
6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 7, 87%,
7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,31%.
Қалған 4,47% респондент «бәріне қарсымын» бағанын таңдаған.
Сауалнама 200 сайлау учаскесін қамтып, 230 мың сайлаушы қатысқан.