Жетісу облысында 112 жастағы әже сайлауда дауыс берді

Жетісу облысы Сарқан ауданында 112 жастағы Алтынхан Белдеубайқызы сайлауда дауыс берді.

Бұл туралы Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осындай бейбіт күнді халқымыз көп аңсады. Сол ортақ тәуелсіздікті бағалауымыз керек. Менің жасым 100-ден асса да, ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндетті. Сайлау – елдің болашағын шешетін күн, сондықтан бұл жағдайға бей-жай қарауға болмайды, — деді Алтынхан апа.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстанда бір тәулікте 36 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда кейінгі тәулікте 36 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Кәдірбек Құныпияұлы: Сайлау біз күткен деңгейде болды

19 наурызда өткен ҚР мәжілісті және мәслихаттарға депутаттарды сайлау біз күткен деңгейде болды деп есептеймін. Өзіміз куә болған сайлау учаскелеріндегі атмосфера осыған көзімізді жеткізді.

Жел, тұман, жауын-шашынға байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері елдің 5 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Sapar мобайл қосымшасы іске қосылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "ҚазАвтоЖол" компаниясымен бірлесіп республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті арттыру және кері байланысты жақсарту мақсатында Sapar мобайл қосымшасын әзірледі.

Шымкент тұрғындары тағы да жер сілкінісін сезді

23 наурызда Шымкентте жергілікті тұрғындар тағы да жер сілкінісін сезді.

Алматы облысында газға қосылу құны арзандады

Алматы облысында 11 елдімекеннің тұрғындары үшін орталықтандырылған газбен қамту желілеріне қосылу құны төмендеді.