Бейбіт Исабаев сайлауда дауыс берді

Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғандағы №389 сайлау учаскесіне келіп, парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.

Бұл туралы Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін мен өзімнің конституциялық құқығымды пайдаланып, жүрегім қалаған саяси партияға және жекелеген кандидаттарға дауыс бердім. Сол арқылы Қазақстанның болашағы үшін, жас ұрпақтың ертеңі үшін таңдау жасадым, — деді І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында орналасқан учаскеде таңдау жасаған Бейбіт Исабаев.

Жетісу облысында барлығы 458 сайлау учаскесі, 443 мыңнан астам сайлаушы бар. Учаскелер таңертеңгі сағат 7:00-ден бастап жұмысқа кірісті.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Наурыз тойлау шариғатқа қайшы ма? — ғалымдар пікірі

Наурыз мейрамы мұсылмандыққа қайшы деген пікір бар. Наурыз тойлау халал ма? Бұл туралы ҚМДБ маманы Хасан Аманқұл мен тарихшы, дінтанушы Ернар Атаулан тарқатып айтты.

Ауғанстандағы жер сілкінісі Қазақстанның 5 өңірінде сезілді

Төтенше жағдайлар министрлігі 23 наурыз күні сағат 22:47:30 жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді.

Қазақстан халқының 54,09%-і дауыс берді

Мәжілісті және мәслихаттар депутаттарын сайлауда 6,5 миллион азамат дауыс берді. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты.

Түркияда тағы да жер сілкінді

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі болды. 

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады. Бұл туралы қалалық ұтқырлық басқармасы хабарлады.

Талдықорғандықтар сайлау учаскесіне түйеге мініп келді

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласындағы №419 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып түйе асыраушылар дауыс берді.