ТМД байқаушылары сайлауға қатысты пікір айтты

Қазақстандағы мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау процесін ТМД парламентаралық ассамблеясы атынан 61 байқаушы қарап отыр.

Осы сайлауды ұйымдастыру жағы жоғары деңгейде екенін байқадық. Біз Қазақстандағы сайлауға келген сайын, елде оңтайлы қадам жасалып жатқанын сеніммен айтамыз. Бүгінгі сайлауда да жақсы қорытындыны жариялаймыз деп үміттенемін. Біз саяси партиялардың барлығымен танысып, кездесу өткіздік. Сонымен қатар осы процеске араласып жатқан саяси қайраткерлермен, азаматтармен көп сөйлестік, — деді ТМД парламентаралық ассамблеясының байқаушылар тобының үйлестіруші Вагаршак Акобян елордадағы №110 сайлау учаскесінде.

Осы орайда ол дауыс беру заң талаптары аясында өтіп жатқанын айтты.

Бұдан бөлек, ТМД парламентаралық ассамблеясы кеңесінің бас хатшысы Дмитрий Кобицкий осыған дейін байқаушылар тобы әлемнің бірқатар елінде болғанын, осы орайда Қазақстанға тәжірибелі мамандар келгенін айтты.

Біздің Қазақстандағы тобымызда 61 адам қамтылған. Бұл тұрғыда объективті қорытынды жасай аламыз. Таңертең біз сайлау учаскелерінің ашылуына бардық. Сайлау учаскелерінде дауыс беру және дауыстарды санау аяқталғанша біздің байқаушылар болады. Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы дауыстарды санағаннан кейін, біз де өз тиісті мәлімдеме жасаймыз, — деді Дмитрий Кобицкий.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ескі сурет: 60 жыл бойы тойланбаған Наурыз қалай оралды?

1988 жылы халыққа оралған Наурыз сол кезде, яғни отыз жылдан астам уақыт бұрын қазақстандықтар Наурызды қалай атап өтті?

Кейбір қазақстандықтардың жәрдемақысы өседі

Парламент сенаты қабылдаған әлеуметтік кодекс жобасы аясында кейбір санаттағы азаматтардың жәрдемақысы 14,5%-ке өседі.

Шетелдегі қазақстандықтарға арналған соңғы сайлау учаскесі жұмысын аяқтады

Калифорнияның Сан-Франциско қаласында Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне депутаттарды сайлау аяқталды.

Президент салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елена Рыбакина «Мастерс » турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тағы Индиан-Уэллсте WTA-1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты. 

Мәжілісті сайлау: сотқа кандидаттардан 166 талап-арыз түскен

Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттар сотқа 166 талап-арыз берген. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов мәлімдеді.