Президент Ұлыбританияның сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлиді қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы Ұлыбритания министріне ілтипат білдіре отырып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін оның бүгінгі сапарының мәні зор және өңірлік ауқымдағы маңызды оқиға екеніне назар аударды.

Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тың серпін береді. Мен Сіздің жақында сыртқы істер министрлігінде сөйлеген сөзіңізді тыңдадым. Онда Ұлыбританияның сыртқы саясаттағы ұзақ мерзімді ұстанымы қамтылды және шын мәнінде, өте маңызды мәселелер айтылды, – деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын айтып өтті.

Біздің ынтымақтастығымыз, әсіресе, экономика және саяси салаларда өте табысты деп баға бергім келеді. Өзара байланыстарымыздың оң бағытын одан әрі ілгерілету үшін қосымша күш-жігер жұмсауымыз керек, – деді президент.

Әңгімелесу барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Риши Сунаққа сәлемі мен ізгі тілегін жолдады. Сонымен қатар Ұлыбритания үкіметінің басшысын елімізге өзіне ыңғайлы кез келген уақытта сапармен келуге шақырды. Бұл сапар екіжақты қатынастарды нығайтуға бағытталған бірқатар нақты мәселені талқылауға жақсы мүмкіндік беретінін айтты.

Өз кезегінде Джеймс Клеверли Астана мен Лондон арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, Ұлыбритания Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды оң бағалайды.

Сіздің еліңіз – аймақтағы біздің негізгі сауда серіктесіміз. Экономикалық өсімге бағытталған жоспарды жүзеге асыру мақсатында бірлесіп жұмыс істеу үшін жақсы мүмкіндік бар екенін көріп отырмыз. Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан салық саласындағы реформалар бағдарламасы өзара тиімді экономикалық қатынастарды нығайтуға ықпал етеді деп ойлаймын, – деді Ұлыбритания министрі.

Сонымен қатар кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джеймс Клеверли өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады. Бұл туралы мемлекет басшысының желідегі парақшасы хабарлады.

Жетісу облысында 112 жастағы әже сайлауда дауыс берді

Жетісу облысы Сарқан ауданында 112 жастағы Алтынхан Белдеубайқызы сайлауда дауыс берді.

Елена Рыбакина «Мастерс » турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тағы Индиан-Уэллсте WTA-1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты. 

Түркияда тағы да жер сілкінді

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі болды. 

Президент сотталған адамдардың құқығын кеңейту жөніндегі заңға қол қойды

Президент азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу және сотталған адамдардың құқығын кеңейту туралы заңға қол қойды.

Алматыдан 174 шақырым жерде жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 17 наурыз күні 14:18-те жер сілкінісін тіркеді.