Sapar мобайл қосымшасы іске қосылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «ҚазАвтоЖол» компаниясымен бірлесіп республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті арттыру және кері байланысты жақсарту мақсатында Sapar мобайл қосымшасын әзірледі.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Қосымшаны PlayMarket және AppStore-да жүктеп алуға және пайдалануға болады.

Мобайл қосымшада навигациясы бар маршрутты салу функционалы қолжетімді, автожолдардың жай-күйі, трассалардың ашылуы немесе жабылуы, айналма жолдар, жөндеу жұмыстары, метеожағдайлар туралы өзекті ақпарат бар, — делінген хабарламада.

Қосымша арқылы республикалық жолдардың бойында орналасқан жол бойындағы сервис объектілері туралы мәлімет алуға болады.

«ҚазАвтоЖолдың» колл-орталығын жылдам теру функциялары, сонымен қатар байланыс орталығына жол апаты, жолдардың авариялық учаскесі, қозғалыс кезіндегі кедергі туралы мәтін, фото және видео түрінде хабарлай аласыз.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мәжіліс және мәслихатты сайлауда қанша қазақстандық дауыс берді?

Орталық сайлау комиссиясы 22:00-дегі жағдай бойынша мәжілісті және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауда дауыс берген азаматтардың санын жариялады.

Өткен тәулікте Қазақстанда 34 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Өткен тәулікте елімізде 34 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазақстанның 15 өңірінде дауыс беру аяқталды

Қазақстанның 15 өңірінде мәжілісті және жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды.

Қазақстанда сайлауға дейінгі тыныштық күні басталды

18 наурыз мәжілісті және мәслихаттар депутаттарын сайлау қарсаңында тыныштық күні болып жарияланды. Бұл күні кез келген үгіт-насихат заңсыз болып есептеледі.

Сайлауда дауыс бергендер саны 51%-тен асты

Республика бойынша сайлау барысында сайлаушылардың 51,98%-і дауыс берді. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов айтты.

Сайлау-2023: Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс парламентті сайлауда дауыс берді.