Бас прокуратура тыныштық күніне қатысты мәлімдеме жасады

Бас прокуратура 19 наурызда өтетін мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау алдындағы тыныштық күні талаптарын еске салды.

Бүгін сағат 00:00-де сайлауалды үгіт жұмыстары кезеңі аяқталады. 18 наурыз бен 19 наурызда кез келген үгіт жүргізуге тыйым салынады («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 32-бабы). Сонымен қатар 14 наурыздан бастап БАҚ-та сауалнама нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға, кандидаттарды қолдауға дауыс беруге байланысты өзге зерттеулерді жариялауға да жол берілмейді. Яғни сауалнаманы дауыс беруге арналған үй-жайда немесе бекетте жүргізуге болмайды («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағы), — деді бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Оның айтуынша орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде хабардар еткен заңды тұлғалар ғана сайлау учаскелерінен шыға берісте сауалнама жүргізе алады.

Аталған сауалнамалардың нәтижелерін БАҚ-да дауыс беру күнінен кейін, яғни 2023 жылғы 20 наурыз сағат 00:00-ден бастап жариялауға рұқсат етіледі. Конституциялық заңның осы талаптарын орындамау әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102 және 120-баптарында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. Аталған заң талаптары парламент мәжілісі депутаттарымен қатар, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына да қатысты, — дейді ол.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алматы облысында газға қосылу құны арзандады

Алматы облысында 11 елдімекеннің тұрғындары үшін орталықтандырылған газбен қамту желілеріне қосылу құны төмендеді.

Шетелдегі қазақстандықтарға арналған соңғы сайлау учаскесі жұмысын аяқтады

Калифорнияның Сан-Франциско қаласында Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне депутаттарды сайлау аяқталды.

Алматыдан 174 шақырым жерде жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 17 наурыз күні 14:18-те жер сілкінісін тіркеді.

Қазақстандықтардың қанша проценті сайлауда дауыс беріп үлгерді?

Астана уақытымен сағат 12:00-дегі жағдай бойынша, сайлаушылардың 30,65%-і бюллетень алды. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты.

Президент қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

БҚО-да су тасқынынан кейін 275 адам үйіне оралды

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласы мен бес ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша белсенді жұмыстар жалғасып жатыр.