Алматы аудандарында Наурыз қалай тойланады?

Алматыда Наурыз мейрамына орай аудандарда мерекелік іс-шаралар өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарын отандық артистердің концерті және ұлттық жарыстар күтеді.

Әуезов ауданында «Наурыз-2023» мерекелік іс-шарасы 21 наурыз күні сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін Әуезов ауданы әкімдігінің алдында өтеді (Алтынсарин, 23). Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама сол күні сағат 18:00-ден басталып, Әуезов ауданы әкімдігінің алаңында сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Алатау ауданында мереке 22 наурыз күні сағат 11:00-ден 16:30-ға дейін «Алатау» дәстүрлі өнер театрының аумағында өтеді.

Бостандық ауданында «Наурыз мейрамы» салтанатты іс-шарасы 21 наурыз күні сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін Mega Center СОО амфитеатрында өтеді.

Жетісу ауданында «Наурыз тойы – 2023» мерекесін 21 наурыз күні сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін «Гүлдер» саябағында өткізу жоспарланып отыр.

Медеу ауданында концерттік бағдарлама 21 наурызда сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін ұлттық ғылым академиясының алдында жоспарланған.

Түрксіб ауданында «Наурыз мейрамы» мерекелік бағдарламасы 21 наурыз күні сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін С.Сейфуллин атындағы саябақта өтеді.

Наурызбай ауданында «Наурыз той – 2023» концерті 22 наурызда сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін Абай даңғылында (Алатау көшесінен Строительная көшесіне дейін) өтеді.

Алмалы ауданында Наурыз мерекелік концерті 21 наурызда сағат 14:00-ден басталып, Mega Park СОО аумағында сағат 17:00-ге дейін жалғасады, сонымен қатар, 21-23 наурыз аралығында қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мәжілісті сайлау: алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды

Qazaqstan телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонда кезектен тыс мәжілісті сайлаудың алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды. 

Бас прокуратура тыныштық күніне қатысты мәлімдеме жасады

Бас прокуратура 19 наурызда өтетін мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау алдындағы тыныштық күні талаптарын еске салды.

Қазақстан халқының 54,09%-і дауыс берді

Мәжілісті және мәслихаттар депутаттарын сайлауда 6,5 миллион азамат дауыс берді. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты.

Елена Рыбакина «Мастерс » турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тағы Индиан-Уэллсте WTA-1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты. 

Талдықорғандықтар сайлау учаскесіне түйеге мініп келді

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласындағы №419 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып түйе асыраушылар дауыс берді.

Мемлекет басшысы Израиль президенті Ицхак Герцогпен сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль президенті Ицхак Герцогпен телефонмен сөйлесті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.