Басты бет Қоғам Бұрынғы қазақ-түрік лицейлерін Түркияның білім министрлігі басқара ма?

Бұрынғы қазақ-түрік лицейлерін Түркияның білім министрлігі басқара ма?

2 наурызда Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык қазіргі білім-инновациялық лицейлердің (бұрынғы қазақ-түрік лицейлері) Түркия білім министрлігінің басқаруына өтетінін айтқан болатын.

ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі «Білім-инновация лицейлерінің» толықтай қазақстандық білім беру мекемелері екендігі туралы, сондай-ақ олардың өз қызметін қалыптасқан жағдайда жалғастыратыны туралы ресми мәлімдейді. Түрік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уяныктың 2 наурыз күні қазақ-түрік лицейлерінің (ҚТЛ) Түркияның білім министрлігі басқаруына өтетіндігі туралы айтқан болатын. ҚР Білім және ғылым министрлігі мұндай шараның болу ықтималдығының өзін ресми түрде жоққа шығаратыны туралы мәлімдейді. ҚТЛ «Білім-инновация лицейлері» болып қайта құрылып, қазақстандық білім беру стандарттары бойынша жұмыс істейді», — делінген баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Сонымен қатар оқу орындарының жұмысы өзгермейтіндігі аталып өтілді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version