Кейбір қазақстандықтардың жәрдемақысы өседі

Парламент сенаты қабылдаған әлеуметтік кодекс жобасы аясында кейбір санаттағы азаматтардың жәрдемақысы 14,5%-ке өседі.

Сенатта әлеуметтік кодекс жобасын талқылау барысында депутат Ләззат Қалтаева кімдердің жәрдемақысы көтерілетінін айтты.

Азаматтардың кейбір санаты үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы 14,5%-ке өседі, — деді ол сенаттың жалпы отырысында.

Олар:

  • мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар;
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар;
  • бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтындар;
  • саяси қуғын-сүргін құрбандары және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер адамдар; ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар.

Сенат депутаттары әлеуметтік кодексті қабылдады. Сонымен қатар әлеуметтік кодекс аясында сотталғандарға да жәрдемақы төлеу көзделіп отыр. Құжатта қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі және бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталғанға күтім жасайтын сотталған адамдарға мемлекеттік жәрдемақы алу құқығын беру туралы норма қарастырылған. Жәрдемақы мөлшері ай сайын 1,61 ең төменгі күнкөріс деңгейін немесе 65 313 теңге.

Сенатор Ләззат Қалтаеваның айтуынша, бүгінде бас бостандығынан айыру орындарында бірінші топтағы мүгедектігі бар 54 адам жазасын өтеп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі егіс науқанымен танысты

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында көктемгі егіс науқанымен танысу үшін «Дайындық Агро» ЖШС-ға қарасты егістік алқабын аралап көрді.

Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 442-447 теңгеден саудаланып жатыр.

Қазақстанда 15 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 15 129 шетел азаматы жұмыс істейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін бағалады

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингінің «BBB» деңгейінде екенін растады, болжам – "тұрақты".Агенттіктің мәліметінше, активтердің едәуір активтері бюджеттік қаржыландырудың икемділігін және елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Үкіметте газ саласын дамытудың мәселелері қаралды

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет кеңесінде газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды.

Президент саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығына барды

Президент ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.