Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Мемлекет басшысын Түркия президенті «Кулие» резиденциясында қарсы алды

Фото: Akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевты Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған «Кулие» резиденциясында қарсы алды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салайық, кеше түнде Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында мемлекет басшысы Түркия президентімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Фото: Akorda.kz
Exit mobile version