Қызылордада ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Қызылордадағы криминогендік жағдайға ықпал еткен қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Қылмыстық топқа қатысушылардың қылмысын әшкерелеу бойынша өткізілген арнайы операция барысында полиция органдарына 10 күдікті жеткізілген.

Олар күзет қызметінде өздері ықпалын жүргізетін аумақтарды бөліске салу үшін бірнеше рет қылмыстық қақтығыстарға қатысқан. Ойын-сауық орындарында әдейі жанжал туғызып, сол орындардың иелерін өздерінің қамқорлығын қабылдауға мәжбүр еткен. Қылмыстық топтың бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыс жасауға, соның ішінде кісі өлтіруге оқталу, ауыр дене жарақаттары мен бұзақылық жасауға қатысы бар екені анықталды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар олар әлеуметтік желілерде қоғамдық орындарда атыс қаруын қолданатын бейнероликтерді бірнеше рет жариялап, өздерінің шамадан тыс еркінсіп кеткендерін көрсеткені айтылды. 20-дан аса тінту шаралары жүргізілді, оқ-дәрілер, суық қару және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Соталды тергеу жалғасып жатыр.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Астана мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындысы шықты

Астана мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындысы жарияланды.

Президент мәжілістегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Қазақстан халық партиясы мәжіліске өткен депутаттарының кандидатурасын бекітті

Қазақстан халық партиясы мәжіліске өткен депутаттарының тізімін жариялады.

Қазақ күйлерінің тарихын анимация арқылы білуге қалай қарайсыз?

Tasqyn студиясының жаңа өнімі -"Дала шырқауы" көпсериялы мультфильмі Құрманғазының өмірі мен оның күйлерінің тарихын баяндайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев аралас жекпе-жек шебері Шавқат Рахмоновты қабылдады

Мемлекет басшысы аралас жекпе-жек шебері Шавқат Рахмоновты қабылдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Астанада VIII сайланған ҚР парламентінің бірінші сессиясы ашылды

Астанада VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы ашылды. Жиынға Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.