Түркияда су тасқынынан 14 адам қаза болды

Түркияда су тасқынынан 14 адам қаза болып, бес адам із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы Меmurlar.net сайты хабарлады.

14 наурызда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа провинциясында жаңбыр салдарынан сел болды. Әкімшілік орталықтағы ауруханалар, үйлер мен жолдарды су мен лай ағындары басып қалды.

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Шанлыурфада 12 адам, Адияманда екі адамның қаза болғанын, бес адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.

Іздеу жұмыстарын таң атқанша жалғастырамыз. Сонымен қатар шығынды анықтау жұмыстары да басталды, — деді Сүлейман Сойлу.