Басты бетЭкономикаҚаржылық сауаттылықты...

Қаржылық сауаттылықты арттырумен айналысатын ұйым құрылады

Ербол Азанбектің айтуынша, қор іскерлік журналистиканы дамытумен қатар, қазақ аудиториясының қаржылық сауаттын арттыруға мән береді.

«Биыл қазақ тілінде, түсінікті тілмен жазылған «Банк клиентінің анықтамалығы», «Отбасылық бюджет» атты кітапшаларды жарыққа шығармақпыз. Адамдар банкке барғанда, кредит аларда, депозит ашарда нені білуі керек, олар туралы ақпаратты қайдан ала-алады, түрлі проблемалар туындағанда не істеуі керек?! Кітапшалар осы бағыта ақпарат береді. Сонымен қатар қаржы, экономика, бизнес тақырыбында жазатын жас журналистерді дайындауды жалғастырамыз», — деді ол.

Жас журналист

Айта кетейік, «Іскерлік журналистика мектебі» — қаржы, экономика, бизнес тақырыптарында жазатын жас журналистер ортасын қалыптастыруды мақсат тұтатын жоба. Биыл мектепті 32 жас журналист аяқтап, 8-і 7kun.kz ақпараттық агенттігіндегі жұмыс істей бастады. Ал қалғандарына түрлі жобаларға қатысуына қолдау көрсетіледі.