Көкпар, бәйге, аударыспақ, шертпек. Қазақтың ұлттық ойыны көп, оның кейбірін бүгін де ойнап жатады. Ал сіз қазақ ұлттық ойындарын қаншалық жақсы білесіз? Тестіден өтіп, тексеріп көрейік.
0%

«Тәйке» сөзі қай ойында қолданылады?

Дұрыс! Қате!

Бұл сөз асық ойнағанда қолданылады. Тәйке (тауа) – асық иірілгенде шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ол екінші дәрежелі мәнге ие.

Асықтың ең үлкен түрі қалай аталады?

Дұрыс! Қате!

Асықтың ең үлкені, ірісі – сақа.

Сері жігіт ойыннан ұтылса, қамшымен таяқ жеген. Қазақтың қай ұлттық ойыны туралы айтып отырмыз?

Дұрыс! Қате!

«Қыз қуу» ойынына атқа мінген қыз бен жігіт қатысады. Жігіт қызды қуып жетуі керек. Жете алмаса, қызға оны талапты орындай алмағаны үшін қамшымен ұруына болады. Көп жағдайда қыздар жігітке қамшы тигізбей, жай басынан үйірген. Бұған ер жігіттер намыстанған. Ал қуып жетсе, қыздың бетінен сүйеді.

Мына ойынның қайсын түнде ойнаған?

Дұрыс! Қате!

Кезінде жігіттер мен қыздар жиылып, жаздың айлы түнінде ашық далада ақсүйек ойнаған. Осыған байланысты композитор Алтынбек Қоразбаевтың «Ай толықсып аспанда Туған кезде, шашбаулым. Ойнаймын деп Ақсүйек, Қуана бер мақтаулым, шашбаулым» деген ән жолы да бар.

Тоғызқұмалақ ойынында әр ойыншыға қанша құмалақ беріледі?

Дұрыс! Қате!

Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Онда жалпы 162 құмалақ болады, әр ойыншыға 81 құмалақтан беріледі.

«Атсырау» деген не?

Дұрыс! Қате!

Тоғызқұмалақта бір ойыншының отауларындағы құмалақ таусылып, жүріссіз қалуын «Атсырау» дейді.

"Теңге ілу" қалай ойналады?

Дұрыс! Қате!

"Теңге ілу" ойынының ережесі бойынша, ойыншы жігіт шауып келе жатқан аттың үстінен еңкейіп қап, баяуламастан жердегі шүберекке түйілген теңгелерді жылдам іліп алып, лақтырып отыруы шарт. Теңгені көп ілген ойыншы жеңімпаз болады.

Төмендегі ойынның қайсы малға байланысты?

Дұрыс! Қате!

Дұрысы – қасқұлақ. Бұл ойынға 10-20 адам қатыса алады. Олардың арасынан “қасқыр” мен “түнгі күзетші” тандалады. Қалған ойыншылар “қойларды” бейнелейді. Қойлар тығылуы қажет. Қасқыр қойларды, ал күзетші қасқырды ұстауға тиіс.

Мына ойынның қайсы жылқысыз ойналған?

Дұрыс! Қате!

Ақсүйек ойнауға жылқының қажеті жоқ.

«Жамбы ату» ойынының қатысушысына төмендегілердің қайсы қажет?

Дұрыс! Қате!

Жамбы ату – ер жігіт қаншалық мерген, епті екенін тексеретін ойын. Қатысушыға садақ пен жүйрік ат қажет. Бұл ойын 300 метрге дейінгі жазық алаңда өтеді. Мәреден 100 метр қашықта биіктігі үш-төрт метр бағанаға тайдың тұяғындай жамбы қойылады. Кейін мерген ат үстінде шауып келе жатып садақпен оны көздеп атуы керек.

Тест: қазақ ұлттық ойындарын қаншалық жақсы білесіз?
Жаман емес. Десе де қазақ ұлттық ойындары туралы біраз ізденуге кеңес береміз.
Жақсы. Қазақ ұлттық ойындары туралы біраз хабардар екенсіз.
Тамаша! Ұлттық ойындарды жақсы біледі екенсіз. Тіпті ойнап та көрген шығарсыз?!

Әлеуметтік желіде бөлісу: