Odyssey Ark мониторлары – керемет сапалы кескіні мен кинематографиялық дыбысының арқасында ойын индустриясындағы жаңа меже. Samsung ойын дисплейлерінің жаңа топтамасын бірінші рет Gamescom 2022 көрмесінде ұсынған. 

Samsung 13-18 наурыз аралығында Қазақстанда Odyssey Ark мониторларына алдын ала тапсырыс қабылдауды бастайды. Алдын ала тапсырыс берген алғашқы 10 адам заманауи ойын консолін сыйлыққа алады!

Жаңа мониторлар пайдалануға ыңғайлы әрі жарқын эмоциялар сыйлайды, инновациялармен жабдықталған. Әлемдегі бірінші 55 дюймдік 1000R иілген дисплейдің Cockpit Mode режимі экранды портреттік бағдарға ауыстырады, осы ретте экранның иілу бұрышы мен биіктігі реттеледі.

Multi View режимі Odyssey Ark-ты төрт көлденең немесе үш тігінен бөлек монитор ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Осылайша сіз бірмезгілде бірнеше әрекет істей аласыз: бейнебаян көру, ойын ойнау, достармен сөйлесу және тағы басқа.

Экранның үлкен болғаны немесе басқа форматы керек пе? Flex Move Screen технологиясы көмегімен кескіннің диагоналін 55 дюймнен 27 дейін кішірейтіп, экран бағдарын, жақтардың арақатынасын 16:9, 21:9 бен 32:9-ға реттеуге болады.

Иілген тік экранның артықшылығы әсіресе, жарыс немесе авиастимуляторларда байқалады, яғни экран кабина кеңістігіндей көрініп, өзіңізді болид жүргізушісі немесе ұшқыштай сезінесіз. Монитор консолге немесе Дк-ға оңай қосылып, ойын ойнаудың жаңа тәсілін көрсетеді.

Дисплей сипаттамалары дәл геймингке арналған: AMD FreeSync Premium Pro-мен жаңару жиілігі 165 Гц,жауап беру уақыты 1 мс (GtG) барынша бірқалыпты кескін сыйлайды, бұл ойын үшін аса маңызды.

Фото: Samsung

Odyssey Ark – бұл Samsung Matte Display мен Sound Dome фирмалық технологиялары орнатылған ойынға арналған экран. Біріншісінің жарық шағылуына қарсы қорғанысының арқасында кескін анық көрінеді, ал екіншісі – кинематографиялық дыбыспен қамтамасыз етеді (әрбір бұрышында төрт динамик пен екі орталық динамик). Акустикасы да таңғалдырады: алты арнасы мен 60 Вт экрандағы оқиғаға толығымен бойлау әсерін береді.

Сонымен бірге бұл — кино сүйер қауым үшін нағыз олжа. Wi-Fi-ға қосылу мен орнатылған стримингілік қолданбалар сіздің үлкен иілген мониторыңызды үйіңіздегі IMAX-кинотеатрына айналдырады – енді сүйікті креслоңызда отырып  голливудтік блокбастерлердің арнайы эффектілерінен рахат ала аласыз.

Фото: Samsung

Күн батареясынан жұмыс істейтін ыңғайлы Ark Dial контроллері монитордың әртүрлі баптауларын жылдам және оңай басқару мүмкіндігін береді.

Осының барлығы – бір ғана мониторда!

Samsung Expo 2030 дүниежүзілік көрмесін өткізу орыны ретінде Пусан қаласының үміткерлігін қолдайды.