Биыл пітір садақа мөлшері 535 теңге болып бекітілді. Бұл туралы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақаның мөлшері анықталды.
Биыл пітір садақа мөлшері — 535 теңге. Оның мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады, — деді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Мүфтият Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдасып және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдаған.
Биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – Ораза айт мерекесі.