Қазақстан пияз экспортына салынған тыйымды әзірге алмайды. Бұл туралы вице-премьер – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Үкімет кулуарында журналистер министрден пияз экспортына үш айға салынған тыйым алынып тастала ма деп сұрады.
Біз бұл мәселені әзірге қарастырып жатқан жоқпыз. Сауда комитетінің мәліметінше, жиналған деректер елде орта есеппен 68 мың тонна пияз барын көрсетті. Бізге наурыз-сәуір айларына 40 мың тонна пияз қажет, — деді Серік Жұманғарин.
Егер бұл мәліметтер расталса, сауда комитетінің өкілдері фермерлермен ішкі нарықтағы баға туралы сөйлеседі.
Сол кезде квоталау мүмкіндігін қарастырамыз. Ертең сыртқы сауда қызметі бойынша ведомствоаралық комиссиясының отырысын өткізу жоспарланып отыр, — деді министр.