Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов үкімет отырысында елде инфляцияның айлық көрсеткіші құбылғанын айтты.
Қазақстанда инфляцияның айлық динамикасы 2022 жылғы наурыз айында ең жоғары мәнге жеткен соң, біртіндеп төмендеп жатыр. Бірақ ол ақпанда 1,3%-ке дейін аздап жеделдеді. Осылайша айлық инфляция құбылмалы болып тұр және бес жыл ішіндегі орташа жылдық мәннен асатын деңгейге жетті. Жылдық мәнде ақпан айындағы инфляция құбылып тұр, — деді ұлттық банк басшысы.
Сонымен қатар ол ұлттық банк ақпанда кезекті болжамды раундты аяқтағанын мәлімдеді.
Жаңа деректер мен сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, инфляция болжамы биыл 9-12%-ке дейін, 2024 жылы 6-8%-ке дейін қайта қаралды, 2025 жылы өзгеріссіз – 4-6% деңгейінде сақталды, — деді ол.