ҰҚК Қазақстан шекарасында шетел азаматын ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі заттарының ірі партиясын Қазақстанға кіргізу әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылғы 6 наурызда Түркістан облысы Сарыағаш ауданы аумағының «Жібек жолы» өткізу пунктінде шекара наряды шетел азаматы мінген автокөлікті тоқтатқан.

Көлікті тексеру барысында жанармай құятын бөлігінде жасырылған 14 келіге жуық есірткі және психотроптық заттар табылды. Оның ішінде: бес келі 290 грамм героин, 792 грамм апиын және бес келі 335 грамм гашиш, сонымен қатар бір келі 962 грамм синтетикалық есірткі, — делінген хабарламада.

Материал қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-тармағы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Сахна сырты: Әуезов театры артистері қойылымға қалай дайындалады?

27 наурыз - Халықаралық театр күніне орай Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры артистерімен әңгімелесіп қайттық.

25-27 наурыздағы доллар бағамы қанша?

Ұлттық банк шетел валюталарының теңгеге шаққандағы бағамы қанша болатынын жариялады. Kurs.kz дерегі бойынша, демалыс күндері және дүйсенбі күні 1 доллар бағамы 457,29 теңге болады. Ресей...

Президент мәжілістегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

ОСК: Сайлау күні құқық бұзған 42 адам жауапқа тартылды

Сайлаудың түпкілікті қорытындысын жариялау кезінде орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров дауыс беру күні тіркелген заңға қайшы әрекеттер туралы айтты.

Алматыда құны 6 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Алматыда әскери прокурорлар құны 6 миллиард теңгеден асатын бұрынғы әскери госпитальдың жер учаскесін мемлекетке қайтарды.

Абзал Бейсенбекұлы қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Үкімет қаулысымен Абзал Бейсенбекұлы ҚР қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.