Ақша айырбастау орындарында доллар 448-457 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448- 457 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448-453 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 452-457 теңге аралығында құбылып тұр.

10 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 5, 85 теңгеге өсіп, 447, 01 теңге болған.

Ұлттық банктің 13 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 445, 98 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,87 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,7-5,95 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,82-5,92 теңгеден сатылып жатыр.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Президент: Ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанды

Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеп жатыр.

Президент үкімет пен парламенттің алдағы бес жылдағы негізгі міндетін атады

Мемлекет басшысы үкімет пен парламенттің алдағы бес жылдағы негізгі міндетін атады.

Мәжіліс төрағасының орынбасарлары сайланды

Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасының екі орынбасары сайланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жәрдемақыны көбейтуді тапсырды

VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жәрдемақыларды көбейтуді тапсырды.

Қазақстанда халық кезек күтпеуге мүмкіндік беретін сервистер енгізіледі

Елімізде азаматтар мен бизнес үшін бірқатар жаңа цифрлық сервисті іске қосу және «Электрондық үкіметтің» архитектурасын жаңғырту жоспарланып отыр.

Алматыда құны 6 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Алматыда әскери прокурорлар құны 6 миллиард теңгеден асатын бұрынғы әскери госпитальдың жер учаскесін мемлекетке қайтарды.