Басты бетЖаңалықтарСиноптиктер елдің...

Синоптиктер елдің көп бөлігінде жауын-шашын болатынын ескертті

«Қазгидромет» РМК 12 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктер республикамыздың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болатынын болжайды. Еліміздің батысында 20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

«Қазгидромет» мәліметтеріне сәйкес, циклон ойпатының әсерінен, сонымен қатар онымен байланысты атмосфералық фронтал бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Елдің  шығысында қар жауса, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Республиканың батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, шығысында, таулы аудандарында түнде және таңертең Түркістан өңірінің батысында, оңтүстігі мен таулы аудандарында, таңертең және күндіз  Алматының таулы аудандары мен оңтүстігінде, күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Күндіз Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.