БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк 13 наурыздан бастап Орталық Азиядағы екі елдің арнайы шақыртуымен Өзбекстан мен Қазақстанға келеді.
Жоғарғы комиссар жұмыс бабымен Қазақстанда 16-17 наурыз аралығында болады. Ол жоғары лауазымды мемлекеттік тұлғалармен, омбудсмендермен, БҰҰ қызметкерлерімен және азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдерімен кездеседі.
Фолькер Тюрк Астанада адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығына арналған іс-шарада сөз сөйлейді.