Басты бетСолтүстік Корея...

Солтүстік Корея төрт бірдей баллистикалық зымыран ұшырды

Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрілігі болса, барлық зымырандардың Қытай шекарасына жақын орналасқан Тончхан полигонынан ұшырылып, теңізге құлағанын айтады. Алайда, олар баллистикалық зымырандардың нақты қай түрі ұшырылғанын анықтай алмаған. Құрлық аралық зымырандар болу мүмкіндігін де жоққа шығарып отырған жоқ. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі оңтүстіккореялық арнаға берген сұхбатында айтты.

Зымыран
©KOREA NEWS SERVICE

Соңғы зымыранын Корея Республикасы осы жылдың 12 ақпан күні ұшырған еді.

Оған қатысқан Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын корейлік әскердің баллистикалық зымыраны қаңтар айында дайын болғанын айтқан болатын. Оның сөзіне сүйенсек, бұл зымырандар Америка жағалауына дейін жетеді. Осы арқылы ол Солтүстік Кореяны «Ең қауіпті дұшпанның өзі ала алмайтын Шығыстағы әскери держава» деп атады.

Родон баллистикалық зымыраны
«Родон» баллистикалық зымыраны ©GETTY IMAGES

Алайда, БҰҰ зымыран және атом бомбаларының сынағын жүргізуге тыйым салады.

Пентагонның жаңа басшысы Джеймс Мэттис те 3 ақпан күні Оңтүстік Кореяға барған сапарында Солтүстік Кореяның АҚШ одақтастарына жасаған кез келген атомдық шабуылына «жауап қайтарылатынын» айтқан болатын.

АҚШ президенті Дональд Трамп та қызметіне кірісер алдында Солтүстік Кореяның Америка аумағына дейін жететін атомдық зымыран жасауына жол бермейтінін айтқан еді.

Айта кетейік, солтүстіккореялық зымыран бағдарламасы өте құпия түрде жасалып жатыр. Олар туралы ақпаратты тек ұшырылған кездегі параметрлері арқылы алуға болады.

ДереккөзBbc.com