Басты бетЖаңалықтарAmanat инновацияларды ілгерілететін партиялық платформаны іске қосады

Amanat инновацияларды ілгерілететін партиялық платформаны іске қосады

Amanat партиясының Республикалық сайлауалды штабы Алматыда қала тұрғындарымен, ғалымдармен және жастармен бірқатар кездесу өткізді.

Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Ғылым aкадемиясында өткен кездесуде сайлауалды бағдарламаның ғалымдарды қолдауға және озық технологияларды трансферттеуге арналған бөлімі талқыланды.

Ғылым экономика мен өндірістен оқшауланбауы керек. Ғылыми ұйымдардың жұмысын экономиканың басым салаларымен байланыстыру өте маңызды. Ғылыми нәтижелерді қазақстандық бизнес коммерцияландыруға тиіс. Өңірлерде үлкен ғылыми әлеует бар. Ғалымдар бірегей қолданбалы шешімдер ойлап тауып жатыр. Солай бола тұра, жергілікті өндірушілер шетелдік әзірлемелер мен технологияларды пайдалануда, – деді партия төрағасы Ерлан Қошанов.

Amanat партиясы
Фото: Amanat партиясы

Отандық ғылымды дамыту үшін партия оны қаржыландыруды ЖІӨ-нің 1%-не дейін ұлғайтуды көздейді. Сонымен қатар ғылымды қажет ететін аумақтарды құруға бастамашылық жасайды. Шағын қалаларда, арнайы экономикалық аймақтарда және өндірістерге жақын жерде ғылыми орталықтар пайда болады. Шағын қалалар ғылыми-өндірістік кластерлер есебінен қайта жанданады.

Amanat ғылыми әзірлемелерге 1 000 грант бөлуді қамтамасыз етеді. Гранттарды бөлудің және басқа да қолдау шараларының әділ жүйесі қалыптастырылады. Зерттеулерді таңдау ашық әрі объективті болады.

Amanat партиясы
Фото: Amanat партиясы

Сонымен қатар жаңа идеялар мен инновацияларды іздеу және ілгерілету үшін «Ұлттық технологиялық бастама» партиялық платформасы іске қосылады.

Бұдан соң, спорт кешенінің алаңында штаб мүшелері Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, инженерлік коммуникацияларды жаңарту, тұрғын үймен қамтамасыз ету шараларын талқылады.

Amanat партиясы
Фото: Amanat партиясы

Бес жыл ішінде партия 15 су тарту құрылысын салуға және 12 су тарту құрылысын қайта жаңартуға, 30 кәріз сорғы стансасын салуға, 195 шақырым жылу желілерін қайта жаңартуға және өзге де нәтижелерге қол жеткізеді.

Сонымен қатар аманаттықтар ескі үйлерді жаңарту бағдарламасына бастамашы болуға, 500 көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге және 225 лифтті ауыстыруға, сонымен қатар 1150 ауланы абаттандыруға партиялық бақылауды қамтамасыз етуді көздейді.

Amanat партиясы
Фото: Amanat партиясы

Осы күні аманаттықтар алматылық жастарымен өзекті мәселелерді талқылады. Іс-шараға 300-ден астам жас азамат қатысты. Штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасында студенттер үшін ең өзекті мәселенің бірі – жатақханалардағы орын тапшылығын шешу көзделгенін атап өтті. Ол үшін партия жоғары оқу орындарына қойылатын талапты күшейтіп, жатақханаларда тұрып жатқан білім алушылардың жағдайын тексеріп отырады.

Дайындаған: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: М.Ж. Оспанов
Amanat партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық