Басты бетЖаңалықтарАзық-түлік бағасы...

Азық-түлік бағасы қатаң бақылауда

Amanat партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері Махметғали Сарыбеков пен Асқар Әбдуәлі Байзақ ауданына қарасты Бурыл ауылында орналасқан GRAND FOODS PREMIUM ауылшаруашылығы кооперативінің ұжымымен кездесті.

Бүгінде мұнда 45 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жұмысшылардың барлығы дерлік жергілікті тұрғындар. Ал олардың орташа жалақысы 150-170 мың теңге көлемінде. Кооператив басшысы Жалил Аббасовтың айтуынша, қоймалар азық-түлікке толы. Қазіргі таңда мұнда картоп, сәбіз және өзге де көкөністер жеткілікті.

Кездесуде аманаттықтар 19 сайлауда өтетін саяси науқанға белсене қатысуға шақырып, жетекші партияға дауыс беруге өтінді. Партиялық алдағы бес жылда ілкімді істерді қолға алуды мықтап қолға алғанын айтып өтті.

Amanat партиясы өңірде азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар пәрменді шараларды қабылдады. Партиялықтар мамандармен бірлесіп, әлеуметтік тұрақтандыру қорына жыл сайын 1 миллиард теңгеге өсу қаупі жоғары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуды ұйымдастырады. Бұл тізімге бағасы шарықтауы мүмкін тауарлар еніп отыр.

Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер қосымша қаржыландырылады. Сондай-ақ олар үшін форвардтық шарттар мен «айналым схемасы» шеңберінде кемінде 5,5 миллиард теңгеге жеңілдетілген қарыз алу мүмкіндігі пайда болады. Ал азық-түлік бағасының бақылаусыз өсуін болдырмау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен көтерме жеткізушілер арасында меморандум жасалмақ.

Бұдан бөлек, облыс орталығы мен аудандарда кем дегенде 400 ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда фермерлерге өз тауарларын сатуға мүмкіндік беріледі. Осылайша, тұтынушыларға ең пайдалы өнімдер ұсынылмақ, — деді облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Махметғали Нұрғалиұлы.

Кездесуде сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасының өзге де бағыттары кеңінен түсіндіріліп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берілді.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған Amanat партиясы cайлау қорының қаражатынан төленді.