Amanat партиясының атынан облыстық мәлихат депутаттығына үміткер Болат Нұрпейісов Тарбағатай ауданының Жаңалық ауылында сайлаушылармен кездесті.
Кандидат кездесуде партиялық бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталды.
Аманаттықтар бірлесіп әрбір қала, аудан, ауылдағы әр отбасының өмірін жақсартатын жүйелі іс-шаралар жоспарын жасады. Бұл бағдарламадан әр адам әл-ауқат пен жұмыс, жалақы мен азық- түліктің қолайлы бағасы, сапалы медицина мен білім, жеке баспана мен әлеуметтік қамсыздандыру, ауылды дамыту мен қала инфрақұрылымы, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау туралы сұрақтарға жауап таба алады, – деді үміткер.
Айта кетейік, Amanat партиясының әр азаматтың әл-ауқатын жақсартуға, табысын арттыруға күш салады. Осы мақсатта азық-түлік, киім-кешек, баспана, білім мен медицина сияқты күнделікті қажеттіліктің қолжетімді бағада болуын қамтамасыз етеді.
Азаматтардың нақты табысын арттыру, еңбек жағдайы мен жұмыс орнындағы қауіпсіздікті күшейту – біздің негізгі міндетіміз. Сондықтан қашан да халықпен бірге болатын Amanat партиясына дауыс беріңіздер! – деді кандидат Болат Нұрпейісов
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған Amanat партиясы cайлау қорының қаражатынан төленді.