Басты бетЖаңалықтарГоловкин жеңіліп...

Головкин жеңіліп көрмеген 5 боксшының тізіміне енді

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) британиялық BoxNation телеарнасы жасаған жеңіліп көрмеген 5 үздік боксшының тізіміне енді.

Британдық арнаның пікірінше, Головкиннің ең үздік жеңісіне канадалық Давид Лемьеге қарсы кездесуде жеткен. Қазақстандық боксшыны тізе біктіруге тек мексикалық Сауль  Альварес қауқарлы деп санайды BoxNation.

BoxNation рейтингісі:
1. Роман Гонсалес (46-0)
2. Ваенхонг Менайотин (45-0)
3. Деонтей Уайлдер (38-0)
4. Геннадий Головкин (36-0)
5. Майки Гарсия (36-0)
6. Хильберто Рамирес (34-0)
7. Дэнни Гарсия (33-0)
8. Терри Флэнаган (32-0).

Еске сала кетейік, Головкин — Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақал трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті «Қазақстан» және KazSport арналары көрсетеді.

ДереккөзVesti.kz