Басты бет Жаңалықтар Кенияға ашаршылық қаупі төніп тұр

Кенияға ашаршылық қаупі төніп тұр

Кения елі бірнеше жылға созылған құрғақшылықтан қатты зардап шегіп отыр. Соның кесірінен елге ашаршылық қаупі төніп тұр.

Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық қауымдастықты көмек беруге шақырды.

Ұйымның гуманитарлық істер жөніндегі басшысы Стивен О’Брайеннің айтуынша, табиғи апаттан 4 миллионнан астам адамға ашаршылық қаупі төніп тұр. Қазірдің өзінде 1 миллионнан астам тұрғынға азық-түлік жетіспей жатыр. Өйткені елді жайлаған қуаңшылықтан мал қырыла бастаған.

Жергілікті билік төтенше жағдай жариялап, халыққа көмекті көбейте бастады.

Ауа райын болжау орталығы таяу арада жауын-шашын бола қоймайды деп отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version