Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жылдамдығы 18-23 м/с, екпіні 28 м/с жел тұрады, кей жерлерінде түнде тұман күтіледі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қостанай облысында тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 18 м/с-ға дейін күшейеді.
Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.