Атырауда бір жылда 5 мың пәтер салынған

Былтыр Атырау облысында 5 мыңнан астам пәтер салынған. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың халық алдындағы есеп беруінде белгілі болды.

Көрнекі сурет

«Былтыр Атырау облысында 558,6 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Бұл дегеніміз 106 үй немесе 5284 пәтер», — деді Нұрлан Ноғаев.

Оның айтуынша, бұл көрсеткіш тәуелсіздік алғашқы жылынан бері 3,4 есе өскен. Айта кетелік, 1991 жылы облыста салынған үйлердің жалпы ауданы 163 мың шаршы метр болған.

Жиын барысында, Атырауда үй алуға кезекте тұрғандардың саны 100 мыңға жуық екені белгілі болды. Ноғаев үй салу қарқыны биыл да бәсеңсімейтінін айтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version