8 наурыз мерекесіне орай Павлодар, Ұлытау, Қарағанды, Түркістан, Абай өңірлерінде көпбалалы аналар мен атаулы көмек алатын отбасыларға бір реттік жәрдемақы төленеді.
Бұл туралы Еgemen.kz хабарлады.
Бір реттік төлемді жергілікті әкімдіктер өздері белгілейді.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, 11 673 ана, 17 720 теңге көлемінде ақша алады.
Көпбалалы аналар және соның ішіндегі табысы аз азаматтарға 2,5 АЕК, 8 625 теңгеден, әлеуметтік көмек төлем жүргізу жоспарланып жатыр. Қазір Астана бойынша 30 мыңға жуық ананы қамтимыз, — деді әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау бөлімінің басшысы Болат Жұмаділ.
Бұл төлем жәрдемақы алып жүрген азаматтардың шотына автомат түрде аударылады.