Ауылдар өз бюджетін өзі басқаруы мүмкін

«2018 жылдан бастап республикалық, облыстық және аудандық дәстүрлі бюджет деңгейлерінен басқа, ауылдардың өз бюджетін енгізу болжануда. Сондай-ақ, халық саны 2 мыңнан астам адамды құрайтын әкімшілік-аумақтық бірліктерде, ал 2020 жылдан бастап барлық жерлерде коммуналдық меншікті аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің деңгейіне беру күтілуде», – делінген хабарламада.

Осыған орай, өңірлерде осы заң жобасын түсіндіру үшін ақпараттық-түсіндіру топтары құрылған. Бүгінгі таңда семинар-кеңестер Бурабай, Зеренді аудандарында және Көкшетау қаласында өткізілген.

Семинар барысында жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыру, бюджетті бекіту мәселелері, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының штат саны мен жарақтандырылуы, әкімшілік есепке алуды жүргізу, ауылдың бекітілген бюджетін атқару мәселелері талқыланды.

ДереккөзNaryk.kz