Басты бетЖаңалықтар«Хабар» арнасында...

«Хабар» арнасында өтетін теледебатқа кімдер түседі?

Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында 16 наурызда «Хабар» арнасында өтетін теледебатқа кімдер түсетіні белгілі болды.

Бұл туралы ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова мәлімдеді.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы қаулысының жобасымен пікірсайыс өткізу регламентін келісу, сонымен қатар теледебатқа қатысушылардың партиялар ұсынған тізімін бекіту ұсынылды, — деді Анастасия Щегорцова.

  • Amanat саяси партиясынан – Қошанов Ерлан Жақанұлы;
  • «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясынан — Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы;
  • Respulica партиясынан — Қожаназаров Айдарбек Асанұлы;
  • «Қазақстан халық партиясынан – Ертісбаев Ермұхамед Қабиденұлы;
  • Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан – Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы;
  • «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясынан – Перуашев Азат Тұрлыбекұлы;
  • «Жалпыұлттық социал+демократиялық партиясынан» — Әуесбаев Нұрлан Сатыпалдыұлы.

Комиссия мүшелері телевизиялық пікірсайысты өткізу туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.