Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның 10...

Қазақстанның 10 облысына су басу қаупі төніп тұр

Қазақстан аумағының 72%-ін қар басып жатыр, 10 өңірде су тасқыны болуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» метеорологиялық қызметі хабарлады.

Синоптиктер республиканың қай өңірлеріне су басу қаупі төніп тұрғанын жариялады.

Қауіп-қатер жоғары өңірлер:

Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы және Жетісу облыстары.

Қауіп-қатер орташа өңірлер:

Павлодар, Атырау және Ұлытау облыстары.

Қауіп-қатер төмен өңірлер:

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстары.

Қарағанды (Нұра өзенін қоспағанда), Ұлытау, Ақмола (Жабай өзенін қоспағанда), Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы ылғал қорының көлемі орташа көпжылдық мәннен 13-44%-ке төмен.

Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында орташа көпжылдық мәннен 37%-ке және 74%-ке жоғары. Қазіргі уақытта қар жинау процесі жалғасып жатыр.