Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефонмен сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президенттер екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі нығайту перспективасын осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында талқылады.
Телефон арқылы әңгімелесу барысында көлік-транзит бағдарларын кеңейту және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Сонымен қатар екі ел басшылары алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды.