Басты бетЖаңалықтарЖетісу өңірінде...

Жетісу өңірінде су тасқыны жағдайы бақылауда тұр

Кербұлақ және Алакөл аудандарындағы су тасқыны жағдайы тұрақталды. Бұл туралы Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Игорь Жуков өңірлік коммуникациялар алаңында мәлімдеді.

5 наурыздағы жағдай бойынша, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауданында төрт ауланы су басқан. Оқиға орнына 19 қызметкер мен алты техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта арық жүйесін тереңдету және тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментіне Кербұлақ ауданы Сарыөзек — Көктал автожолының бойында 9 километр жерде орналасқан цемент өндіру бойынша Alacem  зауытының аумағын су басу туралы ақпарат түскен жоқ. Бірақ әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында  егістіктерден мол қар ерунәтижесінде зауыт аумағының еңіс ағынымен су басқаны туралы видео түсіріліп, әлеуметтік желілерге жарияланғаны анықталды. Қызметкерлердің жұмылдырылуымен еріген қар суын бұру бойыншам шаралар қабылданды. Зардап шеккендер  жоқ. Сонымен қатар зауытқа да залал келген жоқ, — деді Игорь Жуков.

Айта кетейік, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Игорь Жуков
Фото: Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаменті

Алакөл ауданының Қабанбай және Жайпақ ауылдарында да аула аумағын су басу салдарының алды алынды. Жергілікті жерлерде жеке құрамның 10 қызметкері мен үш техника жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ал Ескелді ауданында қардың қарқынды еруі мен арық жүйесінің тазаланбауы салдарынан Жалғызағаш ауылының маңындағы жол бөлігі су астында қалды. Құтқарушылар шұғыл түрде оқиға орнына барып, каналдарды тереңдету және тазалау жұмыстарын жүргізді. Айта кетерлігі еріген су Биғаш өзеніне транзиттік режимде өтеді.

«Қазгидромет» РМК дауылды ескертуіне сәйкес, жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына, сонымен қатар 2023 жылғы  6-8 наурыз аралығындағы кезеңде температуралық фонның жоғарылауына байланысты қардың қарқынды еруі мүмкін. Жетісу өңірінде еріген және еңіс ағынының қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі, бұл ретте судың төгілуі  мен  су басуы мүмкін, — деді спикер.

Жалпы Жетісу өңіріндегі су тасқыны жағдайы бақылауда. Су тасқынының алдын алу үшін төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері азаматтарды канал жүйелерін тазартуға және аула аумақтарын тазалауға көмектесуге шақырады.