Алматыда сот шешімі арқылы Төле би мен Момышұлы көшелерінің қиылысындағы мемлекеттік қордың жерінде орналасқан бірнеше сауда алаңы мен жазғы дәмхана сүріледі.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдіктің мәліметінше, бұл учаскені кәсіпкер жалға алу құқығы бойынша үш жыл мерзімге иеленген. Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін кәсіпкер жер телімін мемлекеттік қорға қайтаруы керек еді, бірақ ол мұны өз еркімен істеуден бас тартты. Сондықтан Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы сотқа тиісті талап арызбен жүгінді.
Нәтижесінде, 2021 жылғы 15 қыркүйекте мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот өз бетінше салынған нысандарды сүріп, учаскені жалпы пайдалануға қайтару туралы шешім қабылдады. Бұл шешімге апелляциялық сотта үшінші тарап наразы болды. Осы талап арыз 2021 жылғы 21 желтоқсанда Алматы сотының қарауынсыз қалдырылды және бірінші сатыдағы соттың шешімі ұзақ сот талқылауынан кейін заңды күшіне енді, — делінген хабарламада.
Жуырда Алматы қаласы әділет департаменті сот орындаушыларының нысандарды бұзу күнін белгілейді.