«AMANAT» партиясының кандидаты Болат Нұрпейісов Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай ауданының Жетіарал ауылында сайлаушылармен кездесті.
Кездесуде партиялық бағдарламаның ауылды түлетуге қатысты басымдықтары туралы айтылды. Мәселен, «AMANAT» ауыл халқының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасын іске қосты. Үкіметтің 2027 жылға дейін ауылға қатысты 100-ден астам инвестициялық жобаны іске асыруын қадағалап, елді мекендер инфрақұрылымын жаңғыртуға бір триллион теңге бөлуге күш салады.
Сондай-ақ партия «Жер аманаты» жобасын сәтті жүзеге асырып келеді. Былтыр 5 млн гектардан астам пайдаланылмаған жер қайтарылды және бұл жұмыс одан әрі жалғасады.
– Ауыл шаруашылығы жерлерін әділ әрі ашық бөлуді және пайдалануды іске асыру үшін біз ғарыштық мониторингті дамыту жөніндегі жұмысты жалғастырамыз, электронды жер кадастрына ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеміз.
Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы шекарада орналасқан ауылдардың мәселелерін шешуге күш салады. Әр ауылда, тіпті шалғай жатқан және жету қиын ауылдарда да интернет болуы керек. Біз қазақстандық байланыс спутниктерінің көмегімен елдің 500 ауылын интернетпен қамтамасыз етеміз.
Түгел ауыл түлесін десеңіздер, 19 наурызда «AMANAT»-қа дауыс беріңіздер! – деді облыстық мәслихатқа үміткер Болат Нұрпейісов.
Кездесу соңында Жетіарал тұрғындарының ұсыныстары мен өтініш-тілектері тыңдалды.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының
сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT»
партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді