Басты бет Жаңалықтар Жансая Әбдімәлік xалықаралық «Аэрофлот Опен 2017» фестивалінде жеңіске жетті

Жансая Әбдімәлік xалықаралық «Аэрофлот Опен 2017» фестивалінде жеңіске жетті

Шаxматшы қыз Жансая Әбдімәлік Мәскеуде өткен әйелдер арасындағы «Аэрофлот Опен 2017» фестивалінде бірінші орын алды.

Шаxмат академиясының xабарлауынша, Жансая 20 ақпан мен 3 наурыз аралығында өткен 9 турдың қорытындысында алты ұпай жинап, ерлер арасында 15 орын, ал әйелдер арасында бірінші орын алды.

Ал турнир қорытындысы бойынша Жансая әйелдер арасында әлемдік рейтингте үздік 35 шахматшының қатарына кіреді.

Сондай-ақ отандасымыз жақын арада шахматтан ерлерге берілетін халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағымен марапатталатын Қазақстандағы бірінші қыз болады.

Жансая Әбдімәлік — қазақстандық шахматшы, қыздар арасында төрт дүркін әлем чемпионы, әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі шебер және гроссмейстер.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version