Қалалық полиция департаменті «Үш қоңыр» және «Весновка» тұрғын үй кешені үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы (алаяқтық) бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр.
Алматы прокуратурасы тергеу органының «Lider Group Consalt» ЖШС директоры мен бірқатар тұлғасы күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхатын қолдады. Қаланың тергеу сотының санкциясы бойынша екі ай мерзімге күзетпен ұстауға алынды, — делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр, тергеу органдары істің мән-жайын анықтау үшін барлық шараны қолданып жатыр. Істі прокуратура бақылап отыр.
Бұған дейін Бостандық ауданы тұрғындары қала әкіміне “Үш қоңыр” тұрғын үйінде пәтерлер екі есе бағаға сатылғанына арызданған еді. Оған қоса тұрғындардан түскен арыз бойынша іс созылып кеткені айтылған.