Ақтөбе облысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

5 наурызда сағат 10.30-да Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бершүгір теміржол станциясында алдын ала мәлімет бойынша маневрлік локомотивпен бүйірлік соқтығысу салдарынан «Бішкек-Самара» қатынасымен жүретін № 317 жолаушылар пойызының тепловозы, № 1 вагоны және № 2 жолаушылар пойызының үш доңғалақты жұбы рельстен шығып кетті- делінген министрлік таратқан хабарламада.

Оқиға орнына Қазавиақұтқару тікұшағы ұшып шығып, құтқару бөлімшелері жіберілді және ҚТЖ қалпына келтіру пойызы жөнелтілді.

Пойызда 200-ден астам адам болған (Қырғызстан, РФ және Қазақстан азаматтары, ҚТЖ қызметкерлері). Ауруханаға жатқызудың қажеті болған жоқ, қазіргі уақытта жолаушылар пойыздың басқа вагондарына ауыстырылды.

ТЖМ және өңірдің ТЖД жедел штабтары құрылды. Жағдайдың себебін құзыретті органдар анықтайды.