Қазгидромет 5 наурызда бірқатар өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.
5 наурызда Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында тұратын желдің екпіні 15-20 метрге жетеді. Қарағандыда күндіз көктайғақ болуы мүмкін.
Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында тұратын жел екпіні 15-20 метрге жетеді. Жезқазғанда күндіз көктайғақ болуы мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұратын желдің екпіні 15-20 метрге жетеді. Оралда да тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 метрге жетеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын, 6 наурызға қараған түні оңтүстігінде қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Облыстың таулы аудандарында тұман түсуі мүмкін. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда тұратын жел екпіні 15-20 метрге жетеді, бүгін таңертең және күндіз, ертең жел екпіні 23-28 метр болады. Таразда бүгін, ертең оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метр болады, таңертең және күндіз кей уақытта 25 метрге де жетеді.
Бүгін күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында тұратын желдің екпіні 15-20 метрге жетеді. Көкшетауда күндіз жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метр болады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында тұратын жел екпіні 15-20 метр болады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 метр, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 метр болады. Петропавлда күндіз жауын-шашын болуы мүмкін. Тәулік бойы бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метрге жетеді.
Астанада күндіз жауын-шашын жауып, көктайғақ болуы мүмкін.
Бүгін күндіз Абай облысында жауын-шашын жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында тұрған жел екпіні 25 метрге жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болуы мүмкін. Қызылордадада түнде және таңертең көктайғақ болады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде тұратын жел екпіні 15-20 метр болады.
Бүгін күндіз Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыс бағыттан жел соғады, екпіні 15-20 метрге жетеді. Қонаевта оңтүстік-шығыс бағыттан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді.
Бүгін күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жауады. Облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 23-28 метрге жетеді. Шымкентте бүгін таңертең және күндіз кей уақытта найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метрге жетеді. Түркістанда түнде және таңертең кей уақытта найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метр болады.
Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 метрге жетеді.
5 наурызда түнде және таңертең Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсуі мүмкін. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 метрге, кей уақыттарда 25 метрге жетеді.
Күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел екпіні секундына 23 метрге жетеді. Қостанайда бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метрге жетеді.