3-10 наурыз аралығында Сәкен Сейфуллин мұражайында «Сәкен сүйген арулар» көрмесі өтіп жатыр.
5 наурызда «Ақжол» аула клубында Балалар шығармашылығы көрмесі мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
6 наурыз күні сағат 11:00-де «Нұрсәулет» БО-да Байқоңыр ауданының белсенді әйелдерінің қатысуымен «Әлем әйелдермен әсем» мерекелік іс-шарасы өтеді.
Сол күні қала мектептерінде шеберлік сыныптары, әдеби кездесулер, көрмелер және тағы басқа іс-шара өтеді. Ал әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында осы күні сағат 19:00-де Woman’s day әйелдер форумы өтеді. М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында көпбалалы аналар үшін «Көктем сыйы» деген мерекелік концерт ұйымдастырылады.
«Үміт» дағдарыс орталығында «Көңілді Старт» спорттық іс-шарасы өтеді.
7 наурызда «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында қаланың түрлі саласында жұмыс істейтін әйелдерді «Шуақты көктем» деген марапаттау рәсімі өтеді. Мұнда көпбалалы аналар салтанатты түрде «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталады.
Қаладағы балабақшаларда бұл күні «Жұлдызым жарқыра» ертеңгіліктері, ал «Атамекен «Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінде» «Әлемді тербеткен әйелдер» деген салтанатты кеш өтеді.
7 наурыз күні кешкі сағат 19:00-де «Наз» мемлекеттік би театрында «Жан ана» деген концерт ұйымдастырылады.
7 наурыз күні Байқоңыр ауданының әкімдігінде мұғалімдерді, кітапханашыларды, құқық қорғау органдары мен медицина қызметі өкілдерін мерекемен құттықтау іс-шарасы өтеді. Сол күні кешкі сағат 19:00-де «Жастар» театры Н.Жақыпбайдың «Жанарымдағы жалғыз әуен» деген театрландырылған концерттік бағдарламасын ұсынады.
Мереке күндері – 6, 7, 8 наурыз күндері қала көшелерінде әйелдерге қызғалдақ тарату акциясы өтеді.
7 және 8 наурызда қалада «Қамқорлық мекенжайы» акциясы аясында көпбалалы аналарға, жалғызбасты қарттарға азық-түлік себеттері таратылады. Оған қоса Ұлы Отан соғысының тыл ардагерлерін құттықтайды.
7 наурызда «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешенінде «Ана – өмірдің гүлі» көрмесі ұйымдастырылады. Бірден екі премьераны осы күні Музыкалық жас көрермен театры ұсынады: сағат 16:00-де – «Гауһартас», сағат 19:00-де – «Махаббат бар ма?».
Білім беру ұйымдарында «Наурыз маржандарын анама арнаймын» құттықтау челленжі іске қосылады, оған әкелер, аталар, балалар, немерелер, ұжымдар және тағы басқасы қатыса алады.
Nomad City Hall сахнасында 9 және 10 наурыз күндері мереке құрметіне «Кішкентай ханзада» спектаклінің премьерасы өтеді.
11 наурыз күні сағат 12:00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Super Әже» байқауы өтеді.
Наурыз айында қала кітапханаларында шығармашылық көрмелер, конкурстар, әдеби экспозициялар және тағы басқасы өтеді.