Басты бет Жаңалықтар Білім министрі кейбір мамандықтардың жабылуы туралы сөздерге сенбеуге шақырды

Білім министрі кейбір мамандықтардың жабылуы туралы сөздерге сенбеуге шақырды

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев әлеуметтік желілерде тарап кеткен ЖОО-лардағы бірқатар мамандықтардың жабылғаны туралы ақпаратқа байланысты видеоүндеу жариялады.

Онда Ерлан Сағадиев, соңғы кезде Интернет желісінде ҚР БҒМ-нің мамандықтар классификаторындағы «Қазақ тілі», «Қазақ əдебиеті», «Қазақ тарихы», «Лингвистика», «Шығыстану» сынды мамандықтарды жоғары оқу орындарынан алып тастағаны туралы, жоғары оқу орындарында осы пəндердің жүргізілуі тоқтатылғандығы жайлы ақпарат кездесіп отырғандығын атап өткен.

«Бұлар шындыққа жанаспайды»,-дейді министр. Сондай-ақ ол мұндай хабарлардың қазақстандықтарды қисық жолға бағыттап, жалғанға сендіруді көздеген қитұрқы əрекеттер екендігін мәлімдейді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version