Президенттің сайлауалды бағдарламасы мен қыркүйектегі жолдауын қамтамасыз ету бойынша үкімет алдына қойылған міндеттерді іске асыру үшін 2023 жылға арналған бюджет параметрлерін нақтылау ұсынылады. Бұл ретте 2023 жылы республикалық бюджеттің кірістері бекітілген жоспардан 720 миллиард теңгеге өсіммен ЖІӨ-ге 12,1% болды. Республикалық бюджетке түсетін қосымша түсімдер кіріс базасын кеңейту, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту, цифрландыру бойынша үкімет қабылдап отырған іс-шаралар есебінен қамтамасыз етіледі, — деді вице-министр.
Азамат Әмриннің айтуынша, бюджет кірістерінің негізгі өсімі биыл бір жолғы түсімдер есебінен 316 миллиард теңге сомасында күтіледі. Сонымен қатар салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту есебінен 404 миллиард теңгеге ұлғаюы мүмкін.
Сонымен қатар ұлттық ауқымдағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды және стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін ұлттық қордан 800 миллиард теңге көлемінде нысаны трансфертті қосымша тарту ұсынылады. Бюджет тапшылығын 3,2 миллиард теңге немесе ЖІӨ-ге қатысты 2,7% деңгейінде сақтау ұсынылды. Осыны ескере отырып, республикалық бюджеттің шығыстарын бекітілген көлемі 1,5 триллион теңгеге ұлғайтылып, 22,5 триллион теңге болды, — деді вице-министр.