Басты бетЖаңалықтарАқылы жолдармен...

Ақылы жолдармен жүру және төлем жасау тәртіптері өзгереді

Бұйрық бойынша енді жүргізушілер жол ақысын мына тәсілдермен төлейді:

  • төлем жүйелері сервистерінің көмегімен алдын ала төлеу;
  • мүмкіндік болған уақытта қолма-қол төлеу;
  • ақылы учаскеден шыққаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде кейінгі төлем.

Пайдаланушы жол ақысын күнтізбелік жеті күн ішінде төлемеген жағдайда, жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде (17 250 теңге) және ұйымдар үшін 10 АЕК (34 500 теңге) айыппұл салу көзделген, — делінген құжатта.

Сонымен қатар ақылы жолдың әкімшісі учаскелерге кірер алдында тиісті хабарламасы бар ақпараттық табло орналастырады. Ақпараттық тақтада келесі ақпарат көрсетіледі:

  • ақылы учаске бойынша жол жүру ақысының құны;
  • учаскенің ұзындығы;
  • жол ақысын төлеудің ықтимал тәсілдері;
  • ақылы жолдың әкімшісінің байланыс деректері.

Бұл ретте, ақылы жолдың әкімшісіне пунктілерде кептелісті болдырмау үшін шлагбаумдарды дереу көтеру, көліктің тиісті жылдамдығын сақтауды қамтамасыз ету міндеттеледі. Ақылы учаскелер бойынша берешегі бар жүргізушілер жолға жіберілмейді.

Жаңа талаптар 16 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.