Басты бетЖаңалықтарAmanat партиясы:...

Amanat партиясы: Азаматтарға әлеуметтік көмек 2,5 есеге артады

Осы күнге дейінгі барлық мәселені біз популистік ұрандармен емес, керісінше әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарастырып отырмыз. Ең біріншіден, Amanat партиясы ретінде әділетсіздікті жоюымыз қажет. Олигополияға жол бермей, ондағы барлық мәселені бірге талқылауымыз керек деп есептеймін. Жемқорлық түбімен жойылуға тиіс. Сонымен қатар әр отбасының, әр азаматтың табысын арттыруға атсалысумыз қажет. Әр отбасының табысын арттыру үшін біз лайықты жалақыны ілгерілетеміз, — деді партия хатшысы.

Оның айтуынша, әр адам мемлекеттің қамқорлығында болуға тиіс.

Азаматтарға әлеуметтік көмек 2,5 есеге артады. Әрбір азаматтың, оның ішінде ауыр өнеркәсіпте жүрген азаматтардың зейнет жасын төмендетуге атсалысамыз.  Сәбилеріміз 100% балабақшамен қамтамасыз етілуі қажет. Апатты жағдайдағы, үш ауысымды мектептерді түбегейлі жоюымыз керек, — деді Елнұр Бейсенбаев пікірсайыс барысында.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР парламенті мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлауды 2023 жылғы 19 наурызға тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпанда сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі. 18 наурыз – тыныштық күні, 19 наурыз – сайлау күні.