«Ақ жол» партиясы теледебатта қандай мәселе көтерді?

100 жыл бұрын Алаш арыстары: «Қазақтың тасы кеудесіне түйме болып қадалуы керек. Қазақтың қойының жүні иығына шекпен болып жабылуға тиіс» деп айтып кеткен. Өкінішке қарай, бізде нақты экономиканың орнына слайд көрсетеді. Халықтың қаржысы шығын болған кәсіпорын, бағдарлама суға кетіп жатыр. Біздің мақсатымыз — осыны нақты қайтару. Ол дегеніміз не? Экономиканы ырықтандыру, мемлекеттің экономикаға қатысуын шектеу, кәсіпкерлікті қолдау, — деді Берік Дүйсембинов.

Телевизиялық пікірсайыс барысында Берік Дүйсембинов Respublica партиясының өкілі Сырымбек Таудың «Ақ жол» партиясы басшылығының ұзақ жылдан бері өзгермеуіне қатысты сұрағына жауап берді.

Мәселе басшының ауысқанында емес. Иә, дұрыс та шығар. Бірақ бізде «көпірдің үстінде ат ауыстыру» деген жоқ, — деп жауап берді «Ақ жол» партиясының өкілі.