Басты бетЖаңалықтар"AMANAT" бағдарламасы:...

«AMANAT» бағдарламасы: жер емгеннің еңбегі жемісті болады

Мағжан Жұмабаев ауданында «Қызылжар МТС Агро» ЖШС алаңында өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өтті.

«Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мен ауыл тұрмысын жақсарту мәселесін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Әрбір өңірге жасаған сапарымызда біз дихандармен кездесеміз. Сіздер ауылда жұмыс орындарын ашып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырсыздар. Партия жер емген шаруаның еңбегі жемісті әрі құрметті болуы үшін барлық жағдайды жасайды», — деп атап өтті «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов.

Алдағы бес жылда партия аграрлық саланы субсидиялау жүйесін жақсартуға, жем-шөп өндірісін дамытуға, сондай-ақ бүкіл өндіріс тізбегі бойынша мал шаруашылығының қордаланған проблемаларын шешуге ықпал етеді.

Ерлан Қошанев
Фото: Amanat партиясы

Көктемгі егіс жұмыстары кезінде шаруаларға жеңілдікпен жанар-жағармай бөлудің ашық және әділ тетіктері енгізіледі. Өсімдік шаруашылығында өнімділік жоғарылап, шикізатты өңдеу дәрежесі артады.

«AMANAT» ветеринариялық, санитариялық және фитосанитариялық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайтуды, жалақыны өсіру есебінен жаңа мамандарды тартуды қамтамасыз етеді. Тұқым импортына тәуелділікті азайту үшін аграрлық ғылымды қаржыландыру деңгейі артады.

Ерлан Қошанев
Фото: Amanat партиясы

Жалпы, Үкіметтің 2027 жылдың соңына дейін агроөнеркәсіптік кешендерді кемінде 500 миллиард теңге сомаға қаржыландыра отырып, 100-ден астам инвестициялық жобаны іске асыруы қадағаланады.

Бұдан соң Сарытомар ауылында өткен кездесуде штаб мүшелері зиялы қауым өкілдерімен партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды дамыту мәселелерін талқылады.

Ерлан Қошанев
Фото: Amanat партиясы

Осы күні Петропавлдағы «Alageum Electric» электротехникалық зауытында қаланың бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен кездесу өтті. Штаб мүшелері атап өткендей, үгіт-насихат науқанының сапасы көбіне бастауыш партия ұйымдарының жұмысына байланысты. Өйткені «AMANAT»-та 4000-ға жуық бастауыш партия ұйымына біріккен шамамен 800 мың азамат бар. Соңғы екі айдың өзінде партия қатары 7000-нан астам жаңа мүшемен толықты. Бұл – халықтың партияға деген зор сенімінің көрсеткіші.

Дайындаған: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: М.Ж. Оспанов
«AMANAT» партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.